386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер темір ұрлығымен күресу жұмыстарын жалғастыруда

  • 133
  • UPD: 12:56, 29.07.2019
Елордалық полицейлер темір ұрлығымен күресу жұмыстарын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаменті темір ұрлығын (кәріз қақпаларын, сымдар, темір шарбақтар, аккумулятор батареялары т.б.) болдырмау мақсатында темір қабылдау орындарын үнемі тексеріп тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде темір қабылдау орындарын тексеру кезінде 10-нан астам, оның ішінде 1,5 тонна түрлі түсті темір, 8 темір қақпа, 12 аккумулятор тәркіленді. Фахд бен Абдул Азиз көшесіндегі үйдің жанынан бөлшектелген кран, ал Дулатов көшесіндегі қабылдау орнынан «Mitsubishi» көлігінің кузовы табылды. Тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізілуде. Тексеріс барысында кәріз қақпалар анықталған жоқ.

Көркейту ережелері және көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті құжаттамасыз темір қабылдау орнының 2 иесі ҚР Әкімшілік кодесінің 463-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысында Өндіріс көшесінде орналасқан темір қабылдау орында темір қақпа мен «Volkswagen» маркалы көліктің кузовы табылды. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша (ұрлық) тергеу жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұрланған заттарды сатып алған үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы