386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Іздеуде жүрген қарағандылық бойжеткен елордадан табылды

  • 253
  • UPD: 15:18, 29.07.2019
Іздеуде жүрген қарағандылық бойжеткен елордадан табылды vestivrn.ru

Елордалық полиция қызметкерлері «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды elorda.info Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – іздеуде жүрген қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалған, қаңғыбастыққа салынған тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды әрі қарай есепке алу. Профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің жертөлелерін, кәріз құдықтарын, шатырларды, назарға іліге бермейтін ағаш отырғызылған жерлерді тексерді. Мобильді топтар тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар көп шоғырланған орындарды тексеріп, олардың жеке басын анықтады. Өзімен бірге құжаттары болмаған және құжатының қайда екенін түсіндіріп бере алмағандар полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының «Қабылдап-тарату» орнына 5 адам орналастырылды.

«Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 11 қылмыскер ұсталды, олардың 2-еуі ТМД мемлекетінен. Із-түзсіз жоғалған 7 адам анықталып, туыстарына хабарланды. Елордадағы қалалық саябақтан полиция қызметкерлері Қарағанды облысында із-түзсіз кеткендер қатарына жатқызылған 20 жастағы бойжеткенді тауып, туыстарын хабардар етті», –делінген департаменттің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы