386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Абай ауданында #Birge#Taza Qazaqstan акциясы қызу қолдау тапты

  • 191
  • UPD: 14:39, 29.07.2019
ШҚО-ның Абай ауданында #Birge#Taza Qazaqstan акциясы қызу қолдау тапты

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында #Birge#Taza Qazaqstan акциясы қызу қолдау тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудан жастары, қарапайым тұрғындар және «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің қызметкерлері Оспан көлінің жағалауын қоқыстан тазалады. Бірнеше сағаттың ішінде қап-қап пластикалық бөтелкелер мен шашылған әртүрлі қалдықтар тау болып үйілді. Бұрын бұл жерде қоқыс салуға арналған жәшіктер болмапты. Акцияға қатысушылар шыны ыдыстар мен пластикалық құтыларға арналған контейнерлер қойып, ескерту тақтайшаларын орнатты. Экологиялық шара жаз бойы жалғасады.

Сырым Жұмағали, Абай аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Акциямыз жалғасады. Осы бір-екі күннен кейін Қарашоқы елді мекеніне барамыз. Ол жақта да осылай жағалауды тазалап, Қасқабұлақ ауылында орналасқан рысай көлі бар. Сол жақтарды тазалайық деп отырмыз. Одан кейін Тақыр, Шаған өзендері бар. Сол жақта да аудан халқы болып, жастар болып, барлық ауылдық округтер халқы барып, бірлесіп тазалық акциясын жалғастырайық деген ниетіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы