386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін 200 отбасы елордадан Екібастұзға қоныс аударады

  • 183
  • UPD: 15:18, 29.07.2019
Жыл соңына дейін 200 отбасы елордадан Екібастұзға қоныс аударады

Жыл соңына дейін 200 көп балалы отбасы елордадан Екібастұз қаласына қоныс аударады.

Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ержан Жылқыбаев осылай деді.

Айта кетейік, қазірге дейін Нұр-Сұлтаннан аталған қалаға 103 отбасы көшіп барған. Бұдан бөлек, бірінші вице-министр еліміздің солтүстік өңіріне қоныс аударғандарды жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Екібастұзға көшіп барғандардың 80%-і қызметке орналасқан.

Ержан Жылқыбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары:

- Қазір Павлодар облыстық әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тиісті жұмыстарды қолға алды. Яғни жұмысқа орналасушылардың білімі мен білігін тексеріп жатыр. Талдау аяқталған соң олар қоныс аударады. Бұл азаматтар әуелі жалға берілетін баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етіледі. Қазір Павлодар облысындағы өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарда бос орындар бар. Сондықтан қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыруда қиындық жоқ.

Хабар 24 телеарнасы