386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында сібірлік орман өртінен ауаның ластануы шекті деңгейден аспаған

  • 177
  • UPD: 17:55, 29.07.2019

Сібірдегі орман өртінің зардабын қостанайлықтар еш сезінген жоқ. Желмен келген түтін бір тәулік ішінде сейіліп кетті.

Ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерге де жетпеген. Есесіне аймақта жауын-шашын мол түсті. Жел күшейіп, күн райы салқындауы ықтимал. Бұл ауадағы зиянды заттардың жиналуына қолайлы жағдай туғызбайды, дейді синоптиктер. Айта кетейік, Ресейдегі алапат орман өрті салдарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарындағы ауа сапасы нашарлап кеткен болатын.  

Лариса Кузьмина, «Қазгидромет» РМК ҚФ директоры:

- Ауаның ластану шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,5-1,9 шамасында болды. Көрсеткіш адам денсаулығына қауіпті емес. Егер зиянды заттар құрамы 10-нан асатын болса, бұл экологиялық апатқа әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы