386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайда мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

  • 166
  • UPD: 18:19, 29.07.2019

Алдағы екі жылда Қапшағай қаласының 700-ге жуық тұрғыны баспаналы болады. Қазір онда 2300-дей адам баспана кезегінде тұр.

Курортты қалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жақында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 60 пәтерлік үй тапсырылып, 7-20-25 бағдарламасы бойынша 12 пәтер сатылды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жекелеген инвесторлар да белсенді атсалысуда. Күзге қарай Қапшағайда тағы екі көпқабатты үй халық игілігіне беріледі. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі басты назарда.

Ілияс Сүгіров, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі күні біздерде 2248 адам кезекте тұр. Бүгінгі күні көпбалалы аналар 345, жалғызбасты аналар 777 саны бойынша. Солардың барлықтарын бүгін қамтамасыз етіп жатырмыз. Көпбалалы аналарға 15 квартира сатып алынды. Олардың барлығы регистрацияда, тамыз айында таратып береміз.

Хабар 24 телеарнасы