386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігіне құрылыс материалдары тиелген

  • 160
  • UPD: 17:52, 29.07.2019
Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігіне құрылыс материалдары тиелген alashainasy

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мамандандырылған медициналық көлікке құрылыс материалдары тиелгені үшін жедел жәрдем станциясының басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігін мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлім етті. Нәтижесінде облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры мен Сәтбаев қаласының қосалқы станциясының меңгерушісі жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде фельдшер формасын киген адамдар жедел жәрдем көлігіне жиектастар тиеп жатқаны туралы видео жарияланған болатын. Ол халық арасында дау тудырып, аз уақыт аралығында видеоны қарап шыққандар саны бірнеше мыңды құрады.

Хабар 24 телеарнасы