385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бақытты отбасы» бағдарламасы Ақтөбеде қарқынды жүзеге асып жатыр

  • 208
  • UPD: 21:44, 29.07.2019

Жоба аясында алғашқы болып екі көп балалы және бір толық емес жанұя баспаналы болды.

Жыл соңына дейін тағы 400-ге жуық отбасыны қолжетімді несие арқылы пәтермен қамту көзделіп отыр.

Төрт баланың анасы Гүлшашқан Нағыметова «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болған алғашқы ақтөбеліктердің бірі. Екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген дәрігердің қуанышын шек жоқ. Себебі бастапқы жарнаға жетпеген сомма әкімдік берген тұрғын үй сертификаты арқылы толтырылды. Енді, өз пәтерінің несиесін төлейді.

Гүлшашқан Нағыметова, қала тұрғыны:

- Ризамын. Біз сияқты аналарға қуанышты күн бұйыра берсін. Ай сайын 40 мың теңгенің ұстінде төлеймін. 8 жыл бойы. Содан кейін 30 мыңнан төлейтін болам. Өзіме ұнайды. Балаларыма ыңғайлы.

Бағдарлама аясында баспаналы болған үш ақтөбелік отбасына пәтерлер қаланың жаңа шағын ауданынан берілді. Олар жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз болатын жеңілдетілген несиені 19 жылға дейін рәсімдеген. Ай сайынғы төлемі де айтарлықтай көп емес. Жоспар бойынша әлі жүздеген жанұя бағдарламаның игілігін көруі тиіс.

Ерлан Рамазанов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

- Негізінен басты шарттары осы бағдарламаға қатысушылар, міндетті түрде 6 ай жұмыс жасаулары керек және міндетті түрде қалалық тұрғын үй қорында кезекте тұруы керек пәтерге. Сонымен  қатар он пайыз жинақысы болуы керек. Дегенмен, өз тарапынан алғашқы он пайыздық жинақы болмаған жағдайда, Әкімдік тұрғын үй сертификатын беруді көздеп отыр.

Арнайы сертификат тек пәтер құнының бастапқы жарнасын өтеуге шамасы келмеген отбасыларға берілмек. Оның тізімін мәслихат бекітетін болады. Ал бүгінде қала бойынша 23 548 адам пәтер кезегінде тұр. Олардың арасында көп балалы, толық емес және өзге де санаттарғы азаматтар бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін мыңға жуық ақтөбеліктен өтініш түскен.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы