386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқтырма су қоймасының кәріз құбырынан улануы жұртты қатты алаңдатып отыр

  • 156
  • UPD: 22:14, 29.07.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына сол маңдағы демалыс орындарының кәріз суы құйылып жатыр.

Тұрғындар мұны таспаға түсіріп, құзырлы органдарға жолдаған. Алайда бұл мәселе бойынша облыстық экология департаменті әзірге ешбір түсініктеме берген жоқ. 

Ал жергілікті заңгерлер дәл кәріз суы төгіліп жатқан жерден сынама алып зертханаға жіберген. Нәтижесінде Бұқтырма су қоймасында ішек таяқшаларының қалыпты мөлшерден бірнеше есеге артып кеткені анықталды.

Жергілікті тұрғын бұл видеоны бір ай бұрын түсірсе де мәселе сол қалпы. Арам су Бұқтырманың оң жағалуы яғни Көгілдір бұғаз жағында құйылып жатыр. Негізгінен бұл жағажайда демалысқа келген  халықтан  ала жаздай орын болмайды. Балалардың бірнеше жазғы лагері мен демалыс нысандарының көбісі  осы жағада  шоғырланған. Кәріз құбырынан аққан су дәл сол жағжайларарда жайлып жатыр.

Николай  Медведев, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны:

- Дәл осы жерге шомылған балалардың бәрінің көзі қызарып, денесі бөртіп кетті. Туберкулез таяқшасы да бар деп жатыр. Былтыр Ресейдің Калинград өңірінен туыстарым демалуға келген. Балалары екі күн шомылған соң көздері іріңдеп кетті.

Ольга Бойка, Өскемен қаласының тұрғыны:

 - Қызым суға шомылатын аумақта бірнеше рет сүңгіп шыққан болатын. Содан-ақ болды. Қатты ауырды. Өскемендегі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жаны әрең қалды.

Кәріз құбыры мен арам суды тазалайтын нысанның салынғанына 30 жыл болған. Кейіннен жекешеленіп, сол маңдағы үлкен  демалыс орынын ашқан бір  кәсіпкердің меншігіне берілген. Соңғы 4-5 жылда  арам судың құбыры шұрық тесіліп, тазалау нысаны мүлде істен шыққан.Жергілікті заңгерлер  дәл осы кәріз суы құйылып жатқан жерден сынама алып зертханаға жіберген.

Әнет Ахметжанов, заңгер:

- Біз бірнеше рет  сараптама жасаттық. Соңғы рет  сол ағып тұрған жерін видеоға түсіріп алып, суға шомылатын аумақтың суын зертханаға бердік. Нәтижесінде су құрамы бұзылғаны анықталды. Бір литр суда 24 мың  ішек таяқшасы бар екені нақты дәлелденді.     

Арам судың әлегіне түскен Бұқтырма кентінің тұрғындары облыстағы құзырлы органға шығымданған. Алайда экология департаментінің бұл мәселеге қатысты заңды пәрмені болғанмен реттеуге келгенде дәрмені жетпей отыр.

Олжас Керейхан, тілші:

- Соңғы бірнеше жылда облыстағы  туризмді  дамыту үшін бірнеше  бағыт бойынша  жобалар  да жасалды.  Жағасынан ала жаздай адам үзілмейтін Бұқтырманың суы ластанса бұл салаға кері әсер етуі әбден мүмкін. Ал туристер үшін керегі сапалы қызмет пен жайлы жағажай ғана. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы