386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі екі мегаполисте гепатит жұқтырғандар саны артты

  • 237
  • UPD: 10:08, 30.07.2019

Елімізде жыл басынан бері 332 адам вирусты гепатит жұқтырған. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары бұл былтырғыдан 2,5 есе аз деп отыр.

Бірақ солай екен деп, аурудан төнетін қауіп сейілді деуге келмес. Жалпы, гепатиттен қалай сақтанған жөн?

Жалпы бұл аурудың тырнағына кез келген адам ілігуі мүмкін. Мұндай пікірді біз емес, арнайы мамандар айтып отыр. Айтып ғана қоймай, сақтықта қорлық жоғын ескертеді. Себебі гепатитті зарарсыздандырылмаған құралдардан да жұқтыру қаупі бар. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаған жөн.

Гүлмира Өтепова, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы:

- Кез келген рұқсаты жоқ, косметологиялық салондарда терінің тұтастығын бұзу арқылы жасалатын әртүрлі, татуаж, пирсинг сияқты процедураларды кез келген жерден алуға болмайды. Залалсыздандыру, жеке бас гигиенасын сақтау керек. Сапалы ауыз сумен қамтылуы керек.

Жалпы гепатит - бұл бауырдың қабынуы. Бұл дерттің A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Ауру белгілері де сантүрлі. Алғашында дене әлсіздікке бой алдырып, бас, оң жақ қабырғаның ауруы, буын қабынуы белгілері болуы мүмкін. Сондай-ақ қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде де осы дертті жұқтыру қаупі бар. С гепатиті де солай. Бірақ көбінесе аурудың бұл түрі қан құю, тіс емдеу кезінде жұғатын көрінеді. Ерте анықталған болса, бұл аурудан емделіп айығуға болады.  Ал ең бастысы вирусқа қарсы вакцина егілген жөн.

Жазира Ізбасарова, қалалық № 9 емхананың дәрігері:

- Тіс емханасына барған адам өз вирусын тастап кетуі мүмкін. Ол білмейді, басқа адам келіп жұқтырып алады. Мүмкіндік болғанша тексерілу керек. Тіс емханаларының приборлары қаншалықты зарарсыздандылыған тексеріп отырған дұрс. Ол жасқа қарап жатқан жоқ. Кішкентай бала да, қарт та жұқтырады.  

В және С гепатиттерін дәрігерлер «үнсіз» ауру деп атайды екен. Өйткені олардың белгілері көбінде байқала қоймайды. Дер кезінде анықтап, емдемесе бауыр қатты зақымданып, обырға әкеп соқтыруы мүмкін.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ерзат Зайтхан, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы