385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында нан бағасы қымбаттады

  • 183
  • UPD: 07:20, 30.07.2019
Жамбыл облысында нан бағасы қымбаттады Сибкрай.ru

Жамбыл облысында нан бес теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бір бөлке 75 теңгеден сатылуда. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша, баға ұнның қымбаттауынан шарықтап кеткен. Бүгінде ұнның бір келісі 96-98 теңге тұрады, ал қыста 90 теңгеге түседі. Өңір наубайханалары ұнды еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалдайды. Еске салсақ, осы жылдың ақпанында ас атасының бағасы бес теңгеге көтерілген болатын. Ал бұл қымбатшылық өндірушілердің шығындарын өтейді деген болжам бар. Жауапты мекеме мамандарының хабарлауынша, еліміздегі ең арзан нан осы Жамбыл облысында екен. Нан шығарушылар бағаны бұдан былай көтермеуге уәде беруде. Қазіргі уақытта шаһарда 8 наубайхана жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы