385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда жыл аяғында халыққа 170 пәтер тапсырылады

  • 140
Жезқазғанда жыл аяғында халыққа 170 пәтер тапсырылады

Жезқазған қаласында 5 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жылдың аяғында халыққа 170 пәтер тапсырылады. Бұл баспаналарды алуға екінші деңгейлі банктер арқылы 30-ға жуық өтініш тапсырылған. Қазір он өтініш қабылданып, 20-ға жуығы қаралу үстінде. Жаңа баспаналар құрылыс компаниясы жасаған жеке жоба арқылы бой көтеріп жатыр. Қалалық бюджеттен су, жарық жүйесін тартуға қаражат бөлінген.

Нұржан Орынбаев, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

– ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынға шараның аясында «7-20-25» бағдарламасы қабылданды. Екінші деңгейлі банктерден несие алу арқылы бұл үйлер сатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы