386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рұқсат етілмеген жерден өткендерге қанша көлемде айыппұл салынады?

  • 291
  • UPD: 09:47, 30.07.2019

Жол апатына жаяу жүргіншілердің ұқыпсыздығы да себепкер болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті соңғы тәуліктің өзінде дәл осындай бірнеше дерек тіркелді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қазір қауіпсіздікті күшейтіп, арнайы рейдтерді көбейткен. Рұқсат етілмеген жерден өткендерге айыппұл салынуда. Жол белгілерін жаңартып, ақылды бағдаршамдар орнатылды. Бірақ жаяу жүргіншілерге қатысты жағдай сол күйі оңалмай тұр. 

Елімізде жолда жүру мәдениетінің төмендігі жайында жиі айталады. Бұл пікірдің жаяу жүргішілерге де тікелей қатысы бар. Өйткені күнделікті олардың кесірінен әртүрлі жол апаттары болып жатады. Елорданың өзінде жыл басынан бері осындай 66 жағдай тіркелген. Салдарынан 3 адам көз жұмды, 60-тан аса адам жарақат алды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері үнемі жаяу-жүргіншілерге ескерту жасайды. Тіпті күн сайын ондаған заң бұзузышыға хаттама толтырады. Бірақ бәрібір осындай жол апатының да, одан зардап шегушінің де көрсеткіші тек қана өсіп жатыр.

Бауыржан Тоқжұманов, қалалық полиция департаменті бөлімі бастығының орынбасары:

– Жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін білмейді. Білмеген себебінен, асыққанан болады. Егер жол жүру ережелерін бұзып, жол апатына соқтырмаған жағдай болса кінәлі жаяу жүргінші 2 АЭК айыппұл төлейді. Ал егер жол аптаына әкелсе 10 АЭК айыппұл салынады.

Заңдағы жауапкершілік қанша күшейтілсе де, жаяу жүргіншілердің тәртібі түзеле қоймай тұр. Бұл тұрғыда ақпараттандырудың төмендігін айтады мамандар. Өйткені көпшілік заңдағы тетіктерді білмейді. Тек жол бойында ұсталып, хаттама толтырғанда ғана өкініп жатады. Айта кетейік, рұқсат етілмеген жерден өтем деп тәртіп сақшыларының қолына түссеңіз, 12 мың теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Ал егер жағдай қайталанса, төлем ақысы 50 мыңға жуықтайды. Тығырықтан шығудың тағы бір жолы ретінде елді мекен маңындағы жолдағы жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан 50 шақырымға, тіпті кей жерлерде 40 шақырымға дейін төмендету ұсынылып отыр.

Эдуард Эдоков, тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:

– Бұл мәселенің түбі тереңде жатыр және оны бірер шарамен шеше салу мүмкін емес. Ең алдымен жаяу жүргіншілер аса сақ болуы керек. Көбіне олар жолдағы белгілерді ескермейді. Ескерсе де, мән бермейді. Бұған қоса, қаладағы қалың ағаштар не кейбір құрылыстар белгілерді жауып тастайды. Салдарынан қайғылы жағдайдар тіркеліп жатады.

Негізі жаяу жүргінші мен темір тұлпар арасындағы апаттар кейінгісінің жылдамдығына да байланысты. Сондықтан оны төмендету туралы талап енгізілер болса, тек қала ішіндегі ғана емес, сырттай айналып өтетін жолдағы жүргізушілерге де міндеттеу керек. Өйткені дәл осы аумақта көліктер қатты жүйткіп жүреді және жоғарыдағы аталып өткен жағдайларға жиі жолығады. Бұған қоса, жолдағы белгілерді орнату, арнайы өткелдер салу, ақылды бағдаршамдар қою және бақылау камераларын белсенді қолдану сияқты мәселелер тағы бар деді мамандар.

Авторлары: Андрей Деменок, Гани Алшимбаев

Хабар 24 телеарнасы