385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы Қазталов ауданының тұрғындары ауызсуға артық ақы төлеп келген

  • 143
БҚО-дағы Қазталов ауданының тұрғындары ауызсуға артық ақы төлеп келген

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында ауыл тұрғындары бір жыл бойы ауызсуға артық ақы төлеп келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жергілікті құрылыс бөлімі басшыларының салғырттығы салдарынан орын алған. Жауапты тұлғалар Бостандық, Ақпәтер және Қайыңды ауылдарында салынған жалпы құны 1,3 млрд теңге тұратын су жаңа су айдау мұнараларын уақытында теңгерімге қабылдап алмаған. Осының кесірінен аталған ауылдардың халқына заңға сәйкес субсидия бөлінбеген. Әрбір текше метр тіршілік нәріне 30 теңгенің орнына ауыл жұртшылығы 382 теңгеден төлеген.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

– Тиісті қадағалау актілерін аудандық әкімдік пен Әділет басқармасына енгізілді. Және бірінші қадағалау актісі қазіргі таңда қаралу үстінде. Ал екіншісі бойынша құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодесінің 460-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл мекемеге 151 мың 500 теңге айыппұл салынды. Және осы бөлім басшысы Өтебаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы