385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы бірнеше ауыл халқы су тасу машақатынан біржола құтылады

  • 157
Маңғыстау облысындағы бірнеше ауыл халқы су тасу машақатынан біржола құтылады

Келер жылдың соңына дейін Маңғыстау облысының халқы ауызсумен толық қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында өңірге биыл қазынадан 7,3 миллиард теңге бөлінді. Оның 6 миллиарды республикалық, қалғаны жергілікті бюджеттен берілді. Бұл қаржыға Бейнеу ауданындағы Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдарына орталықтандырылған су жүйесі тартылады. Осылайша таза ауызсу барған елді мекендер көрсеткіші биыл 75 процентке жетеді. «Келесі жылы тағы оншақты ауыл алыстан су тасу машақатынан біржола құтылады», - дейді облыстық тұрғын үй коммуналдық шарушылығы басқармасының басшысы.

Жандос Сәлімов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

– 2020 жылға дейін облыс бойынша барлық елді мекенді қажетті сумен қамтамасыз ету үшін жұмыстарды бітіретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы