385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жолдарында жылына 3000 адам қаза табады

  • 196
Қазақстан жолдарында жылына 3000 адам қаза табады

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкініштісі, өткен жылмен салыстырғанда, биылғының көрсеткіші біршама жоғары болып отыр. Статистикаға назар аударсақ, орташа есеппен алғанда, Қазақстан жолдарында жылына 3000 адам қаза тауып, 30 мыңнан астамы ауыр жарақат алады екен. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалар да азаймай тұр. Бұл оқиғаларды «ОСА» қоғамдық бірлестігінің басшысы Руслан Лазута жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін білмеулерімен және жылдамдықты сақтамауларымен байланыстырып отыр.

Руслан Лазута, қоғамдық бірлестік басшысы:

– Жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де жолда жүру мәдениетін үйренулері қажет. Полицейлер, көбінесе жаяу жүргіншілердің заңбұзушылығына назар аудармайды. Олардың да жауапкершілігі болуы қажет деп ойлаймын. Заңды қатайту керек.

Хабар 24 телеарнасы