386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» банкіне аударылған 258 млн доллар елорда әкімдігіне қайтарылады – А.Мамин

  • 230
  • UPD: 15:12, 30.07.2019
«Астана» банкіне аударылған 258 млн доллар елорда әкімдігіне қайтарылады – А.Мамин

Үкімет Astana LRT құрылысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әкімнің баяндамасынан осы жобаның елордаға қажет екенін көріп отырмыз. Жоба түбегейлі қайтадан қарастырылып, ол бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаны іске асыру барысында және несие берілген мерзімде жобаның құны 1,2 млрд долларға үнемделетін болады. Бірқатар атқарылған жұмыстар нәтижесінде Астана банкіне аударылған 258 млн доллар көлеміндегі қаражат Нұр-Сұлтан әкімдігіне жобаны одан әрі жүзеге асыруға қайтарылады. Жалпы, бұл жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенеміз», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Хабар 24 телеарнасы