386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жағажай ашылады

  • 156
  • UPD: 16:10, 30.07.2019
Семейде жағажай ашылады 365info.kz

Семейде суға шомылуға арналған жағажай ашылады.

Жағажайдың жобалық-сметалық құжатына бюджеттен 5 миллион теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қала басшылығы олқылықтың орынын толтыруға кіріскен екен.

«Қала халқы енді сол жағалауда суға шомылатын болады», - дейді шаһар басшысының көмекшісі Айдын Мархаметов.

Бұдан бөлек, тағы бір жағажай ашылуы мүмкін.Тек ол жекеменшік болмақ.

Семейліктердің мұндай жағажайды күткеніне 10 жыл болды. Биыл дайын болмаса, қайғылы оқиғалардың азаятын түрі жоқ. Осы маусым басталғалы 6 адам суға кетіп көз жұмыпты.

Хабар 24 телеарнасы