386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанға Сібірдегі орман өртінің түтіні тағы келуі мүмкін

  • 170
  • UPD: 16:44, 30.07.2019
Нұр-Сұлтанға Сібірдегі орман өртінің түтіні тағы келуі мүмкін egemen.kz

Сібірдегі орман өртіне байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ. Бұл туралы елорданың Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжағанымыздай, демалыс күндері Нұр-Сұлтанда ауа райы тұрақталды. РФ Иркустк облысы мен Красноярск өлкесіндегі орман өртінен шыққан түтін Қазақстан аумағына келді. Ол біртіндеп тарай отырып Алматы облысының солтүстік аудандарына дейін жетті. Атап өткім келетіні, бейсенбі-жұма күндері астанада болған түтін адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ. Өйткені оның құрамында зиянды химиялық заттар болған жоқ. Оны жылда қыс айларында Нұр-Сұлтанда болатын түтінге ұқсатуға болады. Бүгін, 30 шілде, сейсенбі күні – күн ашық. Елорда аумағындағы атмосферада зиянды заттар табылған жоқ. Нұр-Сұлтанға түтін тағы да келуі мүмкін. Өйткені РФ аумағында 3 миллион гектар орман отқа оранды. Дегенмен, желдің соғуын және орман өртенген жер мен Қазақстан арасындағы қашықты да ескерген жөн», – деді С. Байғабылов. Оның айтуынша, ендігі жерде Сібірдегі орман өртінен шыққан түтін Қазақстан астанасына жетер-жетпес тарап кетеді. Түйіндей айтқанда, Нұр-Сұлтан тұрғындары Сібірдегі орман өртіне алаңдамауына болады.

Хабар 24 телеарнасы