386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шомылу маусымы басталғалы 200-ден аса адам суға кетті

  • 163
Шомылу маусымы басталғалы 200-ден аса адам суға кетті inbusiness.kz

Төтенше жағдайлар комитеті шомылу маусымының қыза түсуіне байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Шомылу маусымы басталғалы арнайы құтқарушылар 206 адамды судан аман алып қалған, 18 адамды кездейсоқ адамдар ажалдан құтқарды. Сондай-ақ судан құтқарылғандардың 63-і – бала. Соған қарамастан шомылу маусымы басталғалы 214 адам суға кетіп ажал құшты. Оның 73-і – бала. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар комитет басшысы суға кету өңірі ең көп тіркелген өңірлерді атады.

«Суға кету оқиғасы ең көп тіркелген аймақ ол Түкістан облысы – 25 адам, оның 12-сі – бала, келесі Алматы облысы – 24 адам, оның 9-ы – бала, одан соң Ақмола облысы – 21 адам, оның 9-ы – бала, ШҚО – 20 адам, оның 5-еуі – бала және Павлодар облысы – 18 адам, оның 7-еуі – бала», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы