386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы түрмеде сотталғандарды азаптау фактілері анықталды – ҚР ІІМ

  • 198
  • UPD: 17:42, 30.07.2019
Алматы облысындағы түрмеде сотталғандарды азаптау фактілері анықталды – ҚР ІІМ

Алматы облысындағы түрмелердің бірінде сотталғандарды азаптау фактісі бойынша ЛА 155/8 мекемесінің 5 қызметкері ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл туралы Ішкі істер министрі хабарлады. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, осы оқиғаға қатысы бар 14 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның жетеуі жұмыстан қуылды. Тәртіп сақшылары 40 бейнежазбаны зерттеп, темір торға тоғытылғандарды қорлау және қызметін асыра пайдалану деректерін анықтады. Енді абақтыдағы азаптан кейін Ішкі істер министрілігі Қазақстандағы барлық түрмелерді тексермек.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Кеше жедел іс-шараның арқасында осы түрменің 5 қызметкері ұсталды. Соның ішінде мекеме бастығының орынбасары бар. Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен арнайы прокурор 2 қылмыстық іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы