386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоғыз өңірде дала өртінің тұтану қаупі бар

  • 218
  • UPD: 17:37, 30.07.2019
Тоғыз өңірде дала өртінің тұтану қаупі бар inform.kz

Еліміздің 9 өңірінде дала өртінің тұтану қаупі бар. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт қауіпті жағдайлар тоғыз өңірде байқалып тұр. Яғни Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары осы тізімге енді. Өрт қауіпті кезең (сәуір айынан) басталғалы орман қоры аумағында 419 өрт тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай фактілердің саны 73 пайызға көбейді», – делінген комитет мәліметінде. Белгілі болғандай, 2019 жылдың сәуірінен елімізде 26 дала өрті тіркелді. Бұл тұрғыда 2018 жылға қарағанда 13 пайызға төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы