386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында мал арасында кездесетін жұқпалы ауруларға қарсы күрес күшейтілді

  • 167
  • UPD: 20:37, 30.07.2019

Атырау облысында биыл мал арасында кездесетін жұқпалы аурулар жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мамандар әлі күнге нақты себептерін анықтай алмай отыр. Наурыз-сәуір айларында күлшешектен қой қырылса, енді Жылыой ауданында түйе шығыны болып жатыр. Мамандар дерттің кенеден жұғуы мүмкін екендігін де ескертіп отыр.

Дегенмен, оның нақты себебін айтуға әлі ерте. Осы жағдайға байланысты қазір облыстық ветеринария басқармасы шұғыл шаралар қабылдау үстінде. Ал ірі көлемде шығынға ұшыраған Сүйіндік ауылындағы асыл тұқымды қой шаруашылығына мемлекет тарапынан 37 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Қазір аймақта ауру ошақтарын залалсыздандыру, жою жұмыстары жасалып жатыр. Оған қоса, бүкіл облыс бойынша бруцеллез ауруына қарсы 1 млн 100 мың дана қан сынамасы алынуы тиіс. Осы сараптама қорытындысынан кейін бруцеллезге қарсы екпе жұмыстары басталады. Сонымен қатар мал шығыны тіркелген ауру ошақтары жіті зерттеліп, кешенді шаралар қолға алынады.

Азамат Айтқалиев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес Атырау облысына 9 түрлі жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары бойынша 1 млн 650 мың дана доза вакцина жеткізілді. Бұл аталған вакциналар республикалық меншіктен облыстың коммуналдық меншігіне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес берілді. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы