386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда заңсыз орнатылған 500-ге жуық гараж сүрілмек

  • 201
  • UPD: 22:28, 30.07.2019

Петропавлда заңсыз орнатылған 500-ге жуық темір гараж сүрілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік тұрғындардан өз мүліктерін басқа аумаққа көшіруді талап етіп отыр. Ал олай етпеген жағдайда иелеріне 170 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Алайда ескертуді елеп жатқан халық жоқ.

Амантай Мұқажанов үй маңындағы темір гаражды 2003 жылы 300 мың теңгеге сатып алған. Содан бері көлігімен құрал-саймандарын осында сақтайды. Енді қария өз мүлігін қайда көшірерін білмей әлек.

Амантай Мұқажанов, қала тұрғыны:

Қиын болып тұр енді. Бұл жер ешкімге қолдануға келмейді. Мына жерден тоқ сымдары жүреді. Мұны не істейтінін, не үшін гараждарды әкет деп жатқанына біз түсінбейміз.

Бүгінгі күнге дейін бұл маңда 500-ге жуық гараж орнатылған. Тұрғындар тіпті арнайы кооператив құрып, маңайды қоршап, өз қаржыларына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге де дайын. Алайда әкімдіктегілер оларға басқа жерден учаске берілетіндігін айтқан.

Сергей Винокуров, қала тұрғыны:

Ескерту қағаздарын жапсырып кетті. Онда 10 күн ішінде гараждарды алмасақ, бізге 170 мың теңге айппұл салынады деп жазылған. Ал мына үйде тұратындардың көбі зейнет жасындағылар. Олардың жүріп-тұрулары қиын ғой.

Виктор Кондратьев, қала тұрғыны:

Бұрын кооперативіміз болған. Балабақша салынған кезде әкімдіктегілер біздің гараждарымызды осы жерге көшірткізді. Енді қайтадан босатуымызды сұрап отыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

Бұл гараждардың нақ осы учаскеде тұрғандарына 30 жылдан астам уақыт болған. Тұрғындар мұнда көліктерін қояды. Ал темір тұлпарлары жоқтары мұны сарай ретінде пайдаланады екен.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Жомарт ескерту қағазындағы ақпаратта бірқатар қателік орын алғанын айтады. «Азаматтарға гараждарын басқа аумаққа көшіруге 10 күн емес, бір жыл уақыт беріледі», - дейді шенеунік.

Еркін Жомарт, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы

-Қазір біз арнайы учаске іздестіріп жатырмыз. Содан кейін ғана, яғни келер жылы көшіру жұмыстарын бастаймыз. Ал босталыған жерде ешқандай нысан тұрғызылмайды. Тек абаттандыратын боламыз.

Петропавлда заңсыз орнатылған темір гараждарды алып тастау жұмыстары былтыр басталды. Осы уақыт аралығында қаланың сырт келбетіне нұқсан келтіріп тұрған 500-ден астам темір қорап басқа аумаққа көшірілді.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы