386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық сақтандыру қорына 186 млрд теңге жиналды

  • 149
  • UPD: 22:40, 30.07.2019
Медициналық сақтандыру қорына 186 млрд теңге жиналды

Бүгінге дейін медициналық сақтандыру қорына 186 миллиард теңге жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны тек келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап пайдаға жарата бастаймыз. Бұл қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінен басқа мақсатқа жұмсалмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір емханаларда қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіле бастаған. Емдеу мекемелері цифрландыруға көшіп, ұзын-сонар кезек пен дәрігерге алдын ала жазылу да автоматтандырыла бастады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы әрдайым қор бақылауында болады.

Нұрлыбек Қабдықапаров, қалалық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры:

- Біздің қор арқылы көмек алатын Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке медициналық мекеме болсын немесе мемлекеттік мекеме болсын біздің қормен келісімшарт бойынша өзіне кепілдік алатын болса, сол арқылы сол мекемелер осы қызметтерді көрсетуге міндетті. Халыққа жасалатын медициналық көмектің жақсы, қауіпсіз, мерзімді талапқа сай болуын біз бақылауға аламыз.

Хабар 24 телеарнасы