388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында «Зерен-2019» танымдық лагері өз жұмысын аяқтады

  • 308
  • UPD: 23:45, 30.07.2019

Ақмола облысында жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Зерен-2019» жобасының соңғы маусымы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қорытындысы бойынша 5 үздік команда өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден қаржылай сыйақыға ие болды. Жазғы білім беру лагерінде 3 ауысыммен 600-дей адамға кәсіпкерлік негіздері үйретілді. Бұл жолы еліміздің барлық өңірлерінен, Иран, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 18 бен 29 жас арылығындағы жастар жиналды. Белгілі бизнес-жаттықтырушылармен, саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Лагерьдің жабылу салтанатына еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Ол өз сөзінде мұндай жобалардың маңызын, осы арқылы жастардың өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Айта кетерлігі, биыл әлеуметтік жобаларға басымдық берілді. Оқыту барысында 100-ден астам жоба таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, танымдық лагерь келесі жылы да өз жұмысын жалғастырады.

Абылай Ерланұлы, қатысушы:

- Жалпы осында берген тәлімгерлердің сабақтары бизнес-жоспар жасаудың, жобаны іске асыру үшін толығымен жетеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта жана өнімдерімен, жаңа идеяларымен, Қазақстанға аты шығатын кәсіпкерлер осы жерден шығады деп ойлаймын. Соның бірі болғым келеді.

Ділмұрат Сабыров, аға ментор:

Қатысушылардың деңгейі өте жоғары. Және олар жасаған жобалары қазіргі таңда жүзеге асырылып отыр. Бастауы бар. Жобалардың барлығы, коммерциялық жағынан қарасақ, жастардың болашақта Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда жаңа идеяларды жолға қойып , іске асыру болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы