31 шілдеде «Жастар» сарайында елорда әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100-ден астам жұмыc берушісі жиналып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1 мыңнан астам жұмыс іздеуші қатысты. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 900 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам әлеуметтік жұмыстарға, 1 861 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940-тан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.