385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Еңбек жолы» байқауы басталды

  • 170
  • UPD: 12:48, 31.07.2019
Елордада «Еңбек жолы» байқауы басталды

Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың қалалық кезеңі құжат қабылдауды бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайынғы «Еңбек Жолы» байқауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді іске асыруды мақсатында, жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізілмек. Конкурсқа кәсіпорындардың кез келген саладағы барлық қызметкерлері қатыса алады.

Байқау 3 номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі мен ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» - еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылатын болады:

Номинацияны көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы өтініш;

Жеке куәліктің көшірмесі;

Номинацияның тақырыбы бойынша бейнеролик 1-3минуттан артық емес (жұмыс орны мен ондағы дағдыларын көрсете отырып);

Конкурсқа қатысушы туралы 1-3 минут (Microsoft PowerPoint форматында) компьютерлік презентация (жұмысы, отбасы, немен әуестенеді, хоббиі және т. б.);

Жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе қызметкердің жұмыс өтілін растайтын өзге де құжаттардың көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама;

Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.

Бар болған жағдайда (мынадай құжаттардың көшірмелері): Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың (бар болса) көшірмелері. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 31 шілдеден 12 тамызға дейін жүзеге асырылатын болады. Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 55-67-27, 8-705-414-80-27 (Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы).

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ, Достық көшесі 13, 2 қабат, 222 кабинет, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл. мекен-жайы: l.babieva@astana.kz

Хабар 24 телеарнасы