386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда алғаш рет ретро көліктер көрмесі өтті

  • 153
Таразда алғаш рет ретро көліктер көрмесі өтті

Танымдық шараға қатысушылар 20-ғасырда зауыттан шыққан 50 машинаны тамашалады.

Мәселен 1947 жылғы «Фиат» жеңіл көлігі бірден көрермен көзайымына айналды. Үш мыңға тарта адам қатысқан көрмеде көне үлгідегі «Волга» мен «Москвичтер» де сап түзеді. Әр адам қалауы түскен көлік салонына отырып, капотын ашып көруге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар ретро көрмеде тұратын машина саны жыл санап көбейгеніне қуанышты. «Мұндай шара әкеден мұраға қалған мүлікті көпке таныстырып, әулеттің атын шығарады», - дейді олар.

Евгений Дуюнов, «Тараз» джип-клубының өкілі:

– Алғашқы көрмеге раритет көліктермен бірге мотоциклдер де қойылды. Әр машина өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Жол талғамайтын жүрдек джиптер де осында. Осы шараны өткізу арқылы Таразда сақталған көне көліктерді көрерменге таныстырғымыз келді. Ендігі шараға жүздеген ретро машинаның қатысары анық.

Хабар 24 телеарнасы