386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы қамбалар астық қабылдауға дайын

  • 157
Ақтөбе облысындағы қамбалар астық қабылдауға дайын

Енді екі аптадан кейін Ақтөбе облысында егін ору науқаны басталмақ.

Қазір шаруалар қажетті техникалары мен жанар-жағармай қорын дайындап жатыр. Күзгі компанияны сәтті жүргізу үшін 8 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінген. Нақтырақ айтқанда, оның құны нарықтағы бағадан 15-20 теңгеге арзан. Өңірдегі 6 қамба да астық қабылдауға дайын. Алайда биыл егістің шығымы алдыңғы жылдармен салыстырғанда, аз боп тұр. 452 мың гектарға себілген дәнді-дақылдың тек отыз процентінің шығымы жақсы. Алқап өнімділігінің төмен болуына, әсіресе, шілденің шіліңгір ыстығы кері әсерін тигізген. Мамандардың болжамы бойынша биыл егістік алқаптың әр гектарынан шамамен 5-7 центнерден өнім алынуы мүмкін. Сондықтан да ауыл шаруашылығын әртараптандыру ісі одан әрі жалғасып, қуаңшылыққа төзімді дақылдар алқабы ұлғайтылмақ. Егін орағы басталғанша мал азығын дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр.

Асылхан Әбтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Мал азығын дайындау жүргізілуде. 60 пайыз қамтылды. Мал азығы да биыл шөп онша болған жоқ. Оған қарамастан ауылдық округ әкімдеріне, шаруашылықтарға қай жерде шапқысы келеді, мемлекеттік қор болса, сай-сала барлық мүмкіндік беріліп жатыр. Жұмыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы