386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өлкетанушылар: Ұлытауды ұлттық саябаққа айналдыру керек

  • 157
Өлкетанушылар: Ұлытауды ұлттық саябаққа айналдыру керек

Өлкетанушылар Ұлытауды ұлттық табиғи саябаққа айналдыру керек дейді.

Республиканың географиялық орталығының табиғаты әлі күнге дейін толыққанды зерттелмеген. Қазір Ұлытауда 382 ескерткіш тіркелген. Дегенмен ғалымдар олардың саны әлдеқайда көп деп отыр. Болжам бойынша 10 мыңнан асып түседі екен. Тарихи ескерткіштерді қорғаумен мұражай қорығы айналысады. Ал табиғаты қорғаусыз қалып отыр. Мысалы Ұлытаудағы Жұмбақкөлдің жаралуы әлі күнге дейін жұмбақ. Аталмыш көл бірде жоқ болып, бірде өзінен өзі пайда болады екен.

Бақтияр Қожахметов, өлкетанушы:

– Өкінішке орай Ұлытау өте аз зерттелген, сондықтан біз бүгінгі күні толық Ұлытаудың тарихын немесе ескерткіштер тізімін айта алмай отырмыз. Сондықтан зерттеу жұмыстары ауқымды түрде өту керек. Табиғатты, орманды көлдерді, жануарларды зерттейтін мекеме жоқ.

Хабар 24 телеарнасы