385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 70 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр

  • 157
  • UPD: 17:38, 31.07.2019

Түркістан облысында 70 мыңнан астам отбасыға 56,7 миллирд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Мемлекеттен қайтарымсыз қаржылай көмек алған отбасылардың ішінде 4 мыңнан астамы жеке кәсіп ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Солардың қатарында созақтық көп балалы ана Гүлнәр Бименова да бар.

Гүлнәр Бименова Созақ ауданының орталығы Шолақорғанда тұрады. Көп балалы ана осы уақытқа дейін елмен терезесі теңдей күн кешіп келеді. Дегенмен отағасының тапқан азғандай табысы ішім жемнен артылмаушы еді дейді ол. Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген жанұя бірден алған ақшаға кәсіп бастауды ұйғарған. Сөйтіп үйінен көлік жөндеу орталығын ашыпты. Онда ұлы мен күйеуі қызмет көрсетеді. Ал Гүлнәр апайдың өзі – көліктің қосалқы бөлшектерін сататын дүкенінде сатушы.

Гүлнәр Бименова, Созақ ауданының тұрғыны:

– Халықтың жағдайын жасап, күнкөрісімізді дөңгелетіп жатқан жағдайымыз бар. Алдағы уақытта аяқтан нық тұрып кету үшін, Үкіметтен тағы да несие алмақшымыз. Сөйтіп жұмысымызды дамытсақ деген ойымыз бар. Үкіметтің беріп жатқан көмегіне ризамыз.

Созақ ауданында 1800 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген. Қазір соның 1730-ы мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болыпты. Қомақты қаражат алғандар кедейшілік шегінен шығып, кәсіп ашуға бет бұра бастаған. Тіпті мал алып тұрмысын түзетуге кіріскендерде жетерлік дейді аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары.

Ақмарал Төлепбергенова, Созақ аудандық ХЖҚО атаулы әлеуметтік қызмет бөлімінің басшысы:

– Атаулы әлеуметтік көмек алар кезде бізбенен келісімшартқа отырады. Сол келісімшарт бойынша өздерінің шартын көрсетеді. Яғни жеке қосалқы шаруашылығын дамытамын деп мал алам десе соны орындап бізге көрсеткішін алып келеді.

Сала мамандары әлі де атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырып жатқан отбасылар көп екендігін айтады. Мәселен қазірдің өзінде 150 отбасы қазір тиісті қағаздарын өткізіп, комиссияның шешімін күтуде .

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы