386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да облыстық және аудандық маңызы бар 150 шақырым жол жөнделеді

  • 157
БҚО-да облыстық және аудандық маңызы бар 150 шақырым жол жөнделеді

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін облыстық және аудандық маңызы бар 150 шақырым жол жөнделеді.

Өңірде жалпы 5 мыңнан аса шақырым жол бар. Оның 72 проценті қайта жөндеуді талап етеді. Биыл бұл мәселені шешу үшін бюджеттен 13 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазір жөндеу жұмыстары 9 ауданда жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша осы жылы Ресеймен шекаралас жатқан 144 шақырым автожол қалпына келтірілмек. Және көптен күткен Қазталовка - Жәнібек тағы Өнеге-Бисен-Сайқын жолдарының жобасы дайын.

Медет Шақаев, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы бүгінгі күні 28,7% құрайды. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. Сол себептен 5 жылға жоспар құрылды. Сол жоспар бойынша республика орташа деңгейге жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 31% жетеміз деп жоспарлап отырық.

Хабар 24 телеарнасы