385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі

  • 272
Түркістанда халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында халықаралық бағыттағы жаңа автобекет пайдалануға беріледі.

Шығыстық үлгіде бой көтерген нысан тәулігіне 10 мың жолаушы қабылдап, 600 автобус өткізуге қауқарлы. Жалпы аумағы 2 жарым гектар болатын сапаржай халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда бір мезетте 15 автобус тоқтап, жолаушы қабылдай алады. «Бағасы 2 млрд теңгеге жуықтайтын заманауи нысанның ішінде жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Кең, әрі жарық күту залы, жайлы орындықтар мен тегін WI-FI желісі қонақтардың уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Сондай-ақ мұнда мейрамханалар мен асханалар және түрлі кәдесыйлар сататын дүкенер жұмыс істейді. Ана мен бала бөлмелері де қарастырылған. Болашақта жаңа автобекеттен Тараз, Шымкент, Ташкент, Самарқанд, Қызылорда, Алматы, Қорғас және Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша автобустар қатынайды. Сонымен қатар облыстың барлық аудан-қалаларына да қоғамдық көліктер осы жерден жүреді. Бекет құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілгенде мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Асқар Шалабаев, тасымалдаушы мекеме басшысының орынбасары:

– Автовокзалдың орналасқан жері Елбасының бекіткен Түркістан қаласы бас жоспарының консепциясына сай салынып жатыр. Түркістан болашақта Түркі әлемінің орталығы болады деп жатыр. Сол себепті автобекет шығыстық стильде салынып жатыр. Жалып құрылыстың бәрі бітті, тек әрлеу, сырлау жұмыстары қалды. 2 аптада бітіріп, іске қоссақ деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы