384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қоршаған ортаға 340 мың тонна зиянды қалдық тасталған

  • 340
  • UPD: 18:15, 31.07.2019
Павлодар облысында қоршаған ортаға 340 мың тонна зиянды қалдық тасталған

Павлодар облысында қоршаған ортаға 340 мың тонна зиянды қалдық тасталған.

Бұл –тек бірінші жартыжылдықтың көрсеткіші. Аймақ экологтары былтырғы жылмен салыстырғанда, жағдайдың түзелмегенін айтып отыр. Соңғы үш жылдағы мәліметтерге сүйенсек, эмиссиялар 163 мың тоннаға өскен. Бұған облыс аумағында шоғырланған ірі кәсіпорындардағы өндіріс көлемінің артуы себеп болып отыр. Бүгінгі таңда электр қуаты мен қара және түсті металлургия өндірісі артқан. Сондай-ақ алюминий зауытына жүргізілген экологиялық тексеру күл үйіндісін реконструкциялауда айналаның құрғақ күлден шаңдануын да анықтаған. Осыған орай экология департаменті ғарыштан жасалған түсірілімдер арқылы шаң басқан аумақты зерттеп, қоршаған ортаға келтірілген шығынды анықтайды. Айта кетерлігі, атмосфераға таралатын зиянды қалдықтардың көлемі шекті мөлшерден артық болуына байланысты аталған кәсіпорынға бұған дейін де айыппұл салынған болатын.

Әсел Мұхаметжанова, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Мамыр айында Павлодар алюминий зауыты гидрометаллургиялық цехының түтін-газдарын тексеру нәтижесінде күкіртті сутек анықталды. Бұл зиянды зат бойынша келтірілген залал 39 миллион теңгені құрап отыр. Сонымен қатар құралдардың көмегімен жүргізілген өлшеу барысында №2 кальцинация пешінен шығарылатын азот оксиді бойынша шекті рұқсат етілген көрсеткіштері нормативтерінің артқаны тіркелді. Келтірілген шығын 2 миллион теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы