385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржол билеттерін алып-сатумен айналысатындарға қатаң шара қолданылады

  • 155
Теміржол билеттерін алып-сатумен айналысатындарға қатаң шара қолданылады

Теміржол билеттерін алып-сатарлармен күрес күшейтілді.

Бір күннің өзінде осындай 6 адам ұсталып, қоғамдық орында адамдарға жақындағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Өкініштісі сол, заңда делдалдарға қатысты басқа жаза қаралмаған. Осыған байланысты сала мамандары қалтасын оңай қампайтқысы келгендерге қатаң шаралар қолдануды ұсынып отыр. Тіпті қолданыстағы заңға бірқатар өзгеріс енгізу керек дейді. Бұл мәселе бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде талқыланды. Бұған қоса, қолында билеті жоқ жолаушыларға перронға жіберілмеу керектігі де сөз болды. Осы арқылы билет алмаған жолаушылардың жолсеріктермен келісуіне тосқауыл қойылмақ.

Қанат Әлмағамбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– Жуырда қолданысқа енгізген жоба бойынша жолсерік алдымен жолаушының куәлігін, сосын билетті сканерлейді. Егер сәйкес еместігі анықталса, құрылғы бірден белгі береді. Алдағы қыркүйектен бастап бұдан басқа да бірқатар қатаң шараны қолға алмақпыз. Осы арқылы алып-сатарлардың санын азайтамыз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы