386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бейбіт күннің батырлары марапатталды

  • 181
Елордада бейбіт күннің батырлары марапатталды

Өз өмірін бәйгеге тігіп, өзгені құтқарғандар ұлықталды.

Бейбіт күннің батырлары атанған үш азаматқа Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер өз қолымен төсбелгі табыстады. Сондай-ақ Ішкі істер министрінің атынан алғысхат берді. Марапат құтқарушы болып істейтін Диас Заку пен Көкшетау теникалық университетінің курсанты Серік Аманжолға және оқиға орнында балық аулап жүріп құтқарушыларға жәрдем берген Руслан Жамиге берілді. Еске сала кетейік, оқиға 10 шілдеде болған.

Диас Заку, Есіл ауданы төтенше жаңдайлар басқармасының аға инженері:

– Нұра Есіл өзенінің маңын аралап, суға түсуге тыйым салынған жерлерді тексеріп жүргенбіз. Газмаш аппаратура маңайында балықшыға жолығып, адамдардың суға түсуге қаншалықты жиі келетіні жайында сұрап жатқан сәтте каналдың ортаңғы жағында жүзіп бара жатқан ер адамды көрдім. Қарасам алдында қыз бала батып барады екен. Балықшы да, мен де әріптесім де бірден суға секірдік. Сөйтіп құтқарып қалдық. Еңбегімізді бағалап, көтермелеп жатқандарға алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы