385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баласын жолда қалдырып кетті деп айыпталған әкенің ісіне қатысты мәлімдеме жасалды

  • 155
  • UPD: 21:19, 31.07.2019
Баласын жолда қалдырып кетті деп айыпталған әкенің ісіне қатысты мәлімдеме жасалды

Өз ұлын таспен ұрып, жол жиегіне тастап кетті деп айыпталған Мұрат Асқароғлыға тергеу изоляторында еш қысым көрсетілген жоқ.

Бүгін аты шулы істі қарау барысында тергеуші осындай мәлімдеме жасады. Ал процесс әлі де жалғасуда. Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен жылдың шілде айында болған еді. Қаланың шығыс айналма жолының жиегінен көрпеге оралған шала жансар бала табылған болатын. Бастапқыда 4 жасар бүлдіршінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып кеткен деген болжамдар айтылды. Арада аз уақыт өткеннен кейін әкесі ұлын өзі таспен ұрып, жолдың жиегіне тастап кеткенін мойындаған еді. Бірақ кейіннен ол өз сөздерінен бас тартты. Себебі тергеу изоляторында маған қысым жасалғандықтан, кінәні моныма алдым деп мәлімдеді. Сондықтан соңғы сот отырысында тергеушілерден жауап  алынды.

Нұрлан Болатов, қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі:

– Азаптау ісі бойынша жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қылмыстық іс қозғап, тексеріс жүргізді. Ешбір дерек табылмағандықтан, бұл іс тоқтатылды. Яғни біз күдіктіге қатысты ешқандай күш көрсетіп, азаптау әрекеттерін жасамадық. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін адвокаттың көзінше мойындаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы