385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді жұмыс іздеушілерден жемқорлыққа қатысы бар-жоқтығы туралы анықтама талап етіледі

  • 199
  • UPD: 21:25, 31.07.2019
Енді жұмыс іздеушілерден жемқорлыққа қатысы бар-жоқтығы туралы анықтама талап етіледі

Бұдан былай жұмыс іздеушілерден жемқорлық қылмысына қатысы бар-жоқтығы туралы анықтама талап етіледі.

Оны ұлттық жол активтері сапасы орталығына тапсырасыз. Бұл құжат негізінен басшылық лауазымына үміткерлерден талап етіледі. Аталмыш ведомствоның директоры Замир Сағыновтың айтуынша, бұл орталықта бұрын істі болған бірнеше адам қызмет еткен. Олардың екеуі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты айыпталған екен. Оның бірі – «Алматы жол зертханасының» бұрынғы директоры. Ол жұмыстан қуылған. Ал екіншісі жазасын өтеп шыққан. Ал мемлекеттік қызметтегі лауазымына қатысты шектеу 2009 жылы аяқталған. Әрі ол басшылық қызметте жұмыс істемеген.

Замир Сағынов, ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының директоры:

– Бізде бұрын сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар 9 қызметкер анықталды. Олардың екеуі нақты жемқорлық қылмысына қатысты құқық бұзған. Қалғандары – бұрын сотталғандар. Күзетші, іс жүргізушісі, жол-көлік оқиғаларына қатысты істі болған филиал басшысы да бар. Ұсақ бұзақылық жасағандары да болды. Біз олардың барлығымен бұл мәселелерді пысықтадық.

Хабар 24 телеарнасы