386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 3500 адам тұрақты жұмыспен қамтылды

  • 148
  • UPD: 08:39, 01.08.2019
Қарағандыда 3500 адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Қарағандыда жұмыспен қамту орталығына өтініш берген тұрғындардың 70% екі қолға бір күрек табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері қалалық орталыққа 6700 адам өтініш беріп, оның үш жарым мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. Өзгелері мамандыққа қайта даярлық курсын оқып, тәжірибеден өтті. Қазір облыс орталығындағы 450 кәсіпорын мен мекемеде 1400 бос жұмыс орны бар. Ол жұмыс орындарының көпшілігі өндірістік кәсіпорындар, құрылыс нысандары, білім және медицина, сауда және сервистік қызмет көрсету салаларында. Қазір жұмыс сұраған 2 мыңға жуық тұрғын тіркеуде тұр. Олардың көпшілігі жастар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар. Жұмысқа кіру үшін ең алдымен кәсіби біліктілік талап етіледі дейді мамандар.

Мереке Мамраева, қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:

- Зейнеткерлік жасына жақындаған адамдарды жұмыспен қамту көрсеткіші бізде төмендеу. Дегенмен, жыл басынан бері зейнеткерлік жасына жетіп қалған 115 тұрғынды тұрақты жұмысқа орналастырдық. Әрине, бізге ондай жандар көптеп келеді. Көмектен ешқашан бас тартқан емеспіз. Міндетті түрде ол кісілердің жұмысқа орналасып кетуіне ықпал етудеміз.

Хабар 24 телеарнасы