385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батысқазақстандық ҰОС ардагері 95 жасқа толды

  • 145
  • UPD: 09:22, 01.08.2019
Батысқазақстандық ҰОС ардагері 95 жасқа толды

Батысқазақстандық соғыс ардагері Сағызбай Серекешев 95 жасқа толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отан үшін от кешіп, кейін еселі еңбегімен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан ақсақалды полиция департаментінің басшылығы арнайы құттықтады. Департамент басшысы ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпатын табыстаса, құқық сақшылары майдан әндерін шырқады. Сағызбай Есенғалиұлы 18 жасында әскерге алынған, кейін Киев түбінде ауыр жараланған. Соғыстан соң милицияда қызмет етіп, қылмыспен күреске атсалысқан. Қарт майдангер әлі де газет-журнал оқып, радио тыңдағанды ұнатады. Тілегі – елдің тыныштығы.

Сағызбай Серекешов, соғыс ардагері:

- Қазіргі балалар қалай жеңгенімізді, қалай болғанын сұраса білмейді. Енді ол Отанға сүйіспеншілік барлығы. Мен қарулас болашақ жастарға айтарым, теріс қадам баспау керек, таза болу керек, жақсы болу керек. Полиция ережесіне қарай жұмыс жасап, осы халық үшін еңбек еткеннен артық сіздерге ештеңе жоқ.

Хабар 24 телеарнасы