386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда балаларға өрттің алдын алу және суда құтқару ережелері түсіндірілді

  • 134
  • UPD: 09:45, 01.08.2019
Маңғыстауда балаларға өрттің алдын алу және суда құтқару ережелері түсіндірілді

Маңғыстаулық құтқарушылар жазғы лагерьде демалып жатқан балалармен апта сайын кездесулер өткізіп келеді.

Танымдық әрі спорттық шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, оқушылар командаға бөлініп түрлі сайыстарға қатысады. Осы арқылы тілсіз жаудың алдын алу, суда құтқару тәсілдерін меңгереді. Жас өрен бүгінде өрт сөндіру құралдарын қолдануды үйреніп, манекенді қолдан тыныс алдыруға машықтануда.

Айта кетейік, мұндай шаралар екі жазғы және жиырмаға жуық мектепішілік лагерде өткізіліп жатыр. Мамандар бұған дейін өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеріп, бірқатар кемшіліктерді анықтаған болатын.

Жасұлан Айнабек, қалалық ТЖБ аға инженері:

- Конкурстық іс-шараның мақсаты - балалардың көңіл-күйін көтеру, сонымен қатар өрт қауіпсізідігі тақырыбында және де басқа да суда құтқару тақырыбында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұған дейін Ақтау қаласы бойынша екі балалар жазғы сауықтыру лагері тексерілді. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы анықталып, олар балалар келгенге дейін жойылған болатын.

Даяна Мырзабаева, оқушы:

- Бүгін біз теңізге теңізге батып кеткен адамдарды құтқаруды үйрендік. Өрт сөндіру құралын қолдануды да үйрендік. Бізге бұл конкурстар өте ұнады. Біз бірінші орын алдық.

Хабар 24 телеарнасы