386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедектер үшін қоғамдық көліктер ыңғайлы ма ?

  • 153
  • UPD: 14:06, 01.08.2019
Мүгедектер үшін қоғамдық көліктер ыңғайлы ма ?

Көкшетауда қоғамдық көліктердің жолаушыларға жайлылығы мен жабдықталуы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұр Отан» партиясы және қоғамдық ұйым өкілдері «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аялдамалар мен автобустардың жайлылығын байқап көрді. Қаладағы жолаушылар қатынасында жүрген көліктердің бірнешеуі ғана арнайы пандуспен қамтылған. Жаңа автобустардың айналымға енуімен мәселе шешімін тауып келеді. 15 жылдан бері арбаға таңылған Рамазан Мұкатаев жаңа қоғамдық көлікке өзгенің көмегінсіз міне алмады. «Дегенмен, салонда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орын белгіленгені көңілге демеу», - дейді ол. Аялдамалар да мүгедектерге бейімделмегенін айтады. Бұл мәселелер жөнінде тексеруші топ жауапты мекемелерге ескерту жасап, жергілікті билік өкілдеріне шұғыл түрде назарға алу жөнінде нұсқау берілді.

Рамазан Мұқатаев, қала тұрғыны:

- Тосқа міну кезінде қиындық туындамайды. Бұл жерде аялдамалардың төсеніші төмен орналасқан. Көлік өткелі жайылған кезде жерге жетпейді, сондықтан өздігімнен жоғары көтерілу қиындау болып тұр.

Зауреш Нұрымова, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары

-Мониторинг барысында кемшіліктер анықталып, есепке алынды. Барлық мәселелерді шешуге коммуналдық шаруашылығы бөлімі және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы бірігіп атсалысатын болады.

Хабар 24 телеарнасы