386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақат ауданындағы шаруа қожалықтары жайылым мен суға зәру

  • 161
  • UPD: 15:38, 01.08.2019

Атырау облысы Мақат ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жайылым мен мал суаратын суға зәру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт түлік мал ішетін су таба алмағандықтан, ауыл арасына кіріп, болмаса, тас жол бойындағы жауыннан жиылған суды ішеді. Осының салдарынан «Атырау-Доссор» тас жолында көлікке соқтығысу оқиғасы да жиілеп кеткен. Мұнай-газ өндіруші компаниялар ірі-қараға түнде жанып тұратын арнайы белгілер де таратқан болатын. Бірақ нәтижесі әзірге шамалы.

Мақат ауданы облыстағы жер көлемі ең аз аудан. Сонымен қатар табиғи су көзі мүлде жоқ. Доссор кентінің тұрғындары әкімшілік пен көзбе-көз жүздесіп, өз ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.

Асылбек Әбілғазиев, Доссор кенті әкімінің м.а.:

- Қазіргі таңда кентімізде бірде-бір бақташы жоқ. Төрт жайылым бар, бірақ бірде-бір бақташы жоқ, соған келісісөзге келдік бірлесіп, төрт бақташы шығарамыз. Сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екінші сұрақ көтерілді. Қырда мына мал бағатын елді мекендерде ауыз су тапшылығы.

Шаруалар аладыңғы кезекте су мәселесін шешуді талап етіп отыр. Өйткені әлі күнге бірде-бір қыстаққа су құбыры тартылмаған.

Ғазиз Ғабдуллин, «Ақиқат» ҚБ төрағасы:

Енді бақташы керек деп айту да дұрыс болар. Бірақ ең бірінші мәселе, су тарту керек. Мына Байшонас жақ беттегі елді мекендерде су жоқ, тасып ішіп отыр. Мына Қырыққұдықтан бастап бәріне де су тартсақ керемет болып кетеді.

Кент әкімі алдағы уақытта су арнасы мекемесімен келісім жасайтындықтарын мәлім етті. Тағы бір басты проблемалардың бірі - жайылымның жоқтығы. Малдың барлығы тас жол мен темір жолдың бойына жайылатындықтан, көлік апаты жиі тіркеледі. Тек осы айда түйемен соқтығысқан оқиғалардың салдарынан 3 адам қайтыс болды.

Асқар Дәулетбаев, Мақат ауданының тұрғыны:

- Бізде мысалы жайылымның орны, жүретін жері асфальт арқылы кетеді. Басқа бағатын жер жоқ. Сол афальтты жандап келгенде, қазір басқа бағатын жерде су болмағасын асфальттың іргесіне жаңбыр суы жиналады, сосын ол жерге шөп шығады. Басқа жерге шөп шықпайды, сосын қай жерге шөп шығады, сол жерге мал барады. Мына темір жолдың жағасына шөп шығады, жаңбыр суынан жиналып, сол жерлерге барады.

Ауыл халқының облыс әкіміне жазған өтінішен соң биылғы жылдың аяғына дейін көршілес Қызылқоға ауданынан қосымша жайылымдық жер берілмек. Ал суды шамасы келетін шаруалар өз күштерімен құбыр тартуға талпынып жатыр, ал шағын шаруалышықтардың көлікпен тасып ішуіне тура келеді.

Авторы: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы