386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Жанұя» орталығы ашылады

  • 213
  • UPD: 15:17, 01.08.2019
Нұр-Сұлтанда «Жанұя» орталығы ашылады

Елордада неке қиған отбасылардың 30%-і қайта ажырасып жатыр.

Бүгін мұндай статистика Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткен отбасылық форум алаңында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқалы жиын тұрмысы төмен әйелдерге жәрдемдесуге бағытталған. Бұл жерде әлеуметтік көмек алу, өз кәсібін ашу, тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мәселелер бойынша ақыл-кеңестер айтылды. Сондай-ақ мұнда әйелдер институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды сақтап қалу секілді тақырыптар да әңгіме өзегіне айналды. Осы орайда алдағы күзде астанада «Жанұя» атты орталық ашылмақ.

Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл орталық арнайы Open Space ретінде жасалып, бизнес саласы болсын, барлық салада тиісті ақпараттық жәрдем беріледі. Кәсіппен айналысқысы келетіндердің көбі білмейді, қалай айналысу керек, қайда бару керек. Орталықта тиісті ақпарат алып, өздеріне жолдама алу мүмкіндігін жасаймыз. Енді бізде қазір тұрмысы төмен 15 мың отбасы бар. Оларды көп балалы деп бөлмейміз. Біздің мақсатымыз - әлеуметі төмен азаматтарға көмектесу.

Хабар 24 телеарнасы