386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

  • 166
  • UPD: 15:23, 01.08.2019
Алматы облысында полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

Алматы облысының Көксу ауданында қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткіш, фронт-кеңсе, спорт залы және ату тирі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ескерткіш Георгий Ем мен Айдын Байсалбаевтың жарқын бейнесін мәңгі есте қалдыру мақсатында қойылды. Алматы облысы бойынша жалпы саны 30-дан астам тәртіп сақшысы қызмет барысында қаза тауыпты. Ал азаматтарды қабылдауға арналған фронт-кеңседе қылмыстық істерді электронды түрде жүргізуге арналған кабинет жұмыс істейді. Сол арқылы тұрғындар істің қай деңгейде қаралып жатқанын қадағалап, біліп отырады. 25 метрлік тирде бір мезгілде үш қызметкер қатар тұрып, қозғалмайтын және қозғалатын нысаналарды атып, жаттыға алады.

Нұрболат Төлебаев, Көксу аудандық ііб бастығының орынбасары:

- Алматы облысы Көксу ауданы бойынша 113 қылмыс тіркеліп, қазіргі уақытта оның 22-сі ашылмай тұр. Ашу пайызы 86,7%-ке жетіп отырмыз. Былтырғы жылғы көрсеткішпен санаған кезде 7% көрсеткішіміз жақсы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы