386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлге лас су ағызған қонақүй иесіне айыппұл салынды

  • 196
  • UPD: 17:14, 01.08.2019
Алакөлге лас су ағызған қонақүй иесіне айыппұл салынды

Алакөлге лас су ағызған «Көктем гранд» демалыс орнының иесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Әділханов айыппұл төлейтін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын әлеуметтік желі арқылы аталған демалыс кешенінің құбырынан көлге лас су ағып жатқаны көрсетілген бейнежазба таралып кеткен еді. Бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызды. Қазір ол жерде экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр. Судан сынама алынып, санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілуде.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Алакөл жағалауында кәріз суын көлге төгу дерегі бойынша Алматы облысының әкімдігі өзінің жеке зерттеуін бастады. Оның нәтижесінде Алакөлге төгілген судың бассейннің суы екені анықталды. «Көктем гранд» қонақ үйіне байланысты экологиялық нормаларға сәйкес іс қозғалып, айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы