386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тағамтану академиясы мектепке арнайы ас мәзірін дайындады

  • 151
  • UPD: 21:29, 01.08.2019

Еліміздің тағамтану академиясы оқушыларға арнайы ас мәзірін дайындады. Бұл туралы еліміздің бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Оның айтуынша, мектептердің 65%-тінде жаңа рацион енгізілген. Мәзірді дайындау барысында көкіністер мен витаминдерге бай тағам түрлеріне басымдық беріліп, балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп формасының сапасына назар аударып, аяқ киім таңдауда да мұқият болуға шақырды. Баланың киімі денесіне жайлы, қиыл-қозғалысына кедергі келтірмейтін ыңғайлы әрі табиғи талшықтардан тігілген болуы керек деді ол. Бас санитар дәрігер сөмкелердің пішіні мен оқулықтардың сапасына да жеке тоқталды.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Оқушыларға сөмке таңдау кезінде мыналарды ескеру керек. Сөмкенің қатты ортопедиялық арқалығы  болуы тиіс. Асынатын бауы жалпақ, ұзындығы реттелеуі керек. Оқу құралдарын есептемегенде сөмкенің салмағы 1 кг аспауы керек. Себебі ауыр рюкзакты тасыған балада сколиоз, остеохондроз сынды омыртқа аурулары пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ата-аналарды оқулықтардың сапасына мән беруге шақырамыз. Кітаптарды арнайы белгіленген дүкендерден алыңыздар. Өйткені базардағы оқулықтар контрабандалық тауар болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы