386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда денсаулық айлығы басталды

  • 135
  • UPD: 21:13, 01.08.2019
Алматыда денсаулық айлығы басталды

Тамыздың бірінен соңына дейін қала тұрғындары мен қонақтары жылдам әрі тегін дәрігерге қарала алады.

Флюрография, рентген аппараттарымен және электрондық кардиограммамен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер қала тұрғындарын талонсыз қабылдай бастады. Шара аясында алматылықтар қан талдауын жасатып, терапевт, педиатр, стоматолог, пульманолог сынды 50-ден астам дәрігерге қаралуларына болады. Бүгін Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан» ықшамауданына келген жылжымалы медициналық кешен, айдың соңына дейін қаланың барлық емханаларын аралайды.  Мақсат, медициналық көмекті қолжетімді ету, дейді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Қанат Төсекбаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Өйткені осындай шалғай аудандарда тұратын  қала тұрғындары емханаға жиі бара бермейді. Сондықтан, бүгінгі таңда осы негізгі кардиолог, гинеколог, стоматолгтың көрсеткіштерінің бәрін қарап, көріп, қан қысымын тексертіп, қандағы қант деңгейін  тексертуге мүмкіндік бар. 

Рахилям Тұрдиева, қала тұрғыны:

- Мен бір сағаттың ішінде  осы специалисттерден өттім. Невропатолог, кардиолог, рентген барлығынан өтіп, бір сағаттың ішінде. Басқа кезде 20-поликлиникаға барсақ жазылу керек,  өту керек, неше күн кетеді оған. Бір айлап күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы