386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс балалары Атыраудағы лагерьде демалысын өткізіп жатыр

  • 198
  • UPD: 21:48, 01.08.2019

Атырау облысы Арыстағы жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету шараларын жалғастыруда. Қазір Жайық өзенінің жағасында орналасқан «Тұлпар» жазғы демалыс лагерінде 88 бала демалып жатыр.

Олар жайлы орында тынығып қана қоймай, мұнайлы өлкенің тарихи мекендері, музейлер, балаларға арналған демалыс орындарына саяхат жасайды. Арыстық балалардың көңіл-күйімен біздің тілшілерімізде танысып қайтты.

Тәрбиешілерімен келген жүзге жуық адамның соңғы легі күні кеше Атырауға ат басын тіреді. Қазір толық құрамда демалып жатыр.

Шыңғыс Саттархан, оқушы /Арыс қаласы/:

- Концерттер, әртүрлі ойындар болады. Мен сол ойындарға қатысып көптен марапаттаулармен жүлдегер болып жатырмын.  «Тұлпар» лагерінде ертең біз саябаққа барамыз және де басқа жерлерге барамыз. Көптеген рахметімізді айтамыз Арыстық балаларға  қамқорлық жасап жатқандарына рақмет  айтамыз. Арыс қаласының балалары өте қуанышты.

Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы қария сәлем береді деген халықтың ұрпағымыз. Атыраулықтар да қарап қалған жоқ. Бас қосып қаржы жинастырып балаларға алдағы оқу жылына қажетті киім-кешек, оқу құралдарын алып берді. 

Лагерьде балалар үшін бар қажеттілік қарастырылған. Демалысты ұйымдастыруға жасалған жоспар ауқымды. Бұл жобалар жеткіншектердің жазғы демалысты жақсы өткізуіне септігін тигізеді дейді мамандар.   

Жұмагүл Орынбасарова, «Тұлпар» жазғы демалыс лагерінің жетекшісі:

- Барлық жағдайды жасап жатырмыз. Біздің лагерімізде 5 мезгіл тамақтанады балалар. Барлық жерлерге саяхаттар жасайды. Сонымен қатар балаларға арналған бағдарламалар бар сол бағдарламалар бойынша жұмыс жасап жатырмыз және осы балалардың жақсы демалып мына келеңсіз оқиғаны ұмыттыруға барлық мүмкіндігімізді салып жатырмыз.

Балалардың қуанышына шек жоқ екені көздері мен көңіл-күйлерінен көрініп-ақ тұр. Олар бір ай бойы демалып туған жерлеріне жаңа оқу жылы басталар тұста, тамыздың 26-сында қайтады.

Авторлары: Бекен Әлиарахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы